Құқық қорғау органдарында мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі өзгереді

0
413

Көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ-шендер беру тәртібі күшеймек.


Құқық қорғау органдарында мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

«Көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ-шендер беру тәртібі күшеймек. Қазіргі заң бойынша қызметкерлерге көтермелеу арқылы 6 рет атақ-шендер беруге болады. Заң жобасында көтермелеу арқылы атақтарды екі-ақ рет беру ұсынылады», - деді Әсет Шындалиев.

Оның айтуынша, қызметкерлерді бағалауға, оларды көтермелеуге, тәртіптік жауапқа тартуға арналған түзетулер ұсынылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай , құқық қорғау органдарына қызметке қабылдауда жаңа өзгерістер енгізіліп отыр.