Құқық қорғау органдарының 13 қызметкері парамен ұсталды

0
2 287

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі істер қызметкерлерінің пара алу фактісі бойынша 13 іс тіркелді. Құқыққорғау органдарына жемқорлық туралы 136 хат келіп түскен. Оның 114-і немесе 83% ішкі істер қызметкерлеріне қатысты.


Құқық қорғау органдарының 13 қызметкері парамен ұсталды

2018 жылдың бірінші жарты жылдық мәліметке сүйенсек, полиция қызметкерлерінің пара алу ісі бойынша 13 факт тіркелген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Алматы қаласы бойынша Сыбайластыққа қарсы күрес басқармасы басшысы Мәди Нұрабаевтың мәліметінше ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі істер қызметкерлерінің пара алу фактісі бойынша 13 іс тіркелді. Құқыққорғау органдарына жемқорлық туралы 136 хат келіп түскен. Оның 114-і немесе 83% ішкі істер қызметкерлеріне қатысты. Әкімшілік жауапқа 14 қызметкер тартылды. Құқыққорғаушылардың дені пара алғаны үшін сотталып, жазасын өтеп жүр.

Естеріңізге сала кетейік, 2017-жылы пара алғаны үшін 7 полиция қызметкері сотталған.