Құлдықта болған екі қазақстандық елге оралды

0
634

Олар Тайландтың «Алтын үшбұрыш» деп аталатын жеріне тап болған.


Құлдықта болған екі қазақстандық елге оралды

ERNUR.KZ. Дубайға жұмыс істеуге кетіп, құлдыққа түскен екі қазақстандық елге оралды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде бөлісті.

Сүйінші ағайын! Исламбек пен Жарас елге аман-есен келді. Аллаға сансыз шүкір. Ата-аналар бақытты, балалар аман,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дубайға жұмыс істеуге кетіп, жоғалған отандасымыз туралы жазған болатынбыз. Кейін оның жалғыз емес екені анықталған. Тайландтың «Алтын үшбұрыш» деп аталатын жерге тап болғанын хабарланған еді.

Күні кеше журналист адвокаттардың араласуымен қос азаматтың елге аман-есен оралғанын жазды.