​Күллі әлемге танылған Айшолпан алғаш рет Назарбаевпен кездесті

0
1 296

Ол мемлекет басшысына елордада бүркітшілер мектебін ашуды ұсынды.


​Күллі әлемге танылған Айшолпан алғаш рет Назарбаевпен кездесті

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде жастар жылы ашылды. Оған еліміздің белсенді жастары қатысып жатыр деп жазады NUR.KZ.

"Нұр әлем" павильонында өтіп жатқан салтанатты жиынға бүркішті қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысты.

Ол мемлекет басшысына елордада бүркітшілер мектебін ашуды ұсынды.

"Бүгін сіздің алдыңызға алғаш келіп тұрмын, сондықтан қобалжулымын. Мен Моңғолиядағы Баян-өлгей аймағында тудым. Бірақ атамекенім Қазақстан екенін еш уақытта ұмытпадым.

Соның арқасы шығар, қазір Астанадағы Нұрорда мектебінде оқып жатырмын. Елордада оқуыма мүмкіндік берген мектеп басшылығына алғыс айтамын.

Өткен жылдары менің қатысуыммен түсірілген фильм әлемнің 30 елінде көрсетілді. Осы фильм арқылы халқымыздың салт-дәстүрі әлемге танылды десем артық емес.

Мен алғаш рет 8 жасымда бүркітті қолға қондырдым. Әрине бүркітші болу үшін, қайсарлық қажет.

Осы орайда, Астанада қазақтың салт-дәстүрін үйрететін бүркітшілер мектебін ашу туралы арманым бар. Сізге үлкен рахмет!",- деді бүркітші қыз.

Сөз соңында ол Елбасын Моңғолиядағы қандастарға қонаққа шақырды.

"Сізді Байөлкеге дәм татуға шақырамыз. Бізге қонақ болсаңыз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар", - деді жас бүркітші.