Құлсарыда үш баланың анасы өзін тыныштандыру үшін мысықтарды асып өлтірген

0
811

Әйел жазадан сытылып кеткені белгілі болды.


Құлсарыда үш баланың анасы өзін тыныштандыру үшін мысықтарды асып өлтірген

ERNUR.KZ. Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйел мысықты асып өлтірген. Ол мұндай қадамға өзін тыныштандыру үшін барған. Бүгін әйелдің жазадан құтылып кеткені анықталды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Асылып тұрған жануарды көршілері көріп, полиция шақырған. 38 жастағы үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған. Кейіннен өзін тыныштандыру үшін әйелдің ай сайын бір мысық өлтіріп отырғаны анықталған.

Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездiк жасау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда бүгін, 16 ақпан, әйелдің жазадан сытылып кеткені белгілі болды.

"Жылыой ауданының тұрғынына қатысты амнистия туралы заңды қолданылуымен байланысты мысыққа қатыгездік таныту ісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарланды полиция департаментінен.