Күн ысиды: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

0
743

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады.


Күн ысиды: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

ERNUR.KZ. Алдағы үш күнде елімізде күн жауын-шашынсыз, жылы болады, деп жазады Sputnik.kz.

"Кең солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында 31 тамызда, 1 қыркүйекте Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі болжанып отыр", - деп жазылған "Қазгидромет" болжамында.
Қазақстанда ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометр бағаны 25-35 градусқа дейін, батыс пен оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді.