Күнбағыс майының литрі мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

0
2 924

Жергілікті май зауыттары шемішкесіз қалып отыр.


Күнбағыс майының литрі мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Күнбағыс дақылын өндіруден жетекші орынды алып тұрған Шығыс Қазақстан облысы жуықта шикізатсыз қалуы мүмкін, деп жазады Atameken Business.

Бұл сейкесінше, күнбағыс майының қымбаттауына әкеліп соғуы ықтимал. Майлы дақылдар тікелей Қырғызстанға, Өзбекстан мен Түркияға тасымалданады. Шетел бұл ауылшаруашылық мәдениетіне жақсы баға ұсынып келеді. Осының салдарынан жергілікті май зауыттары шемішкесіз қалып отыр. Ашынған май өндірушілер амалдың жоқтығынан жағдайға үкіметтің араласуын сұрайды.