Құны 1,1 миллиард теңге болатын спорт кешенінің құлауының себебі айтылды

0
419

Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені 22 қыркүйек күні құлаған.


Құны 1,1 миллиард теңге болатын спорт кешенінің құлауының себебі айтылды

ERNUR.KZ. Мамандар Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы құлаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жедел тексеруді аяқтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Комитет мәліметінше, тексеріс нәтижелері бойынша апат "9" және "10" осьтері бойынша фермаларда басталғаны анықталды.

"Апат жайластырылатын цемент-құм тұтастырғының белгіленген жобалық мәндерінен асып кеткен жүктемелерінен туындаған. Бұл ретте жартылай фермалардың жоғарғы және төменгі белдіктерінің қосылыстарының монтаждық түйіндері жобадан ауытқу болып саналатын әр түрлі көлемдегі алты бұрандамен орындалған.
Тік жүктемелер кезінде фермалардың монтаж түйіндері тарала бастады, бұл бір бұрандаманың бұзылуына және көлденең жүктемелердің фермалардан бағандарға берілуіне және 3-блок конструкцияларының біртіндеп құлауына әкелді. Осылайша, 3-блоктағы апаттың себептерінің бірі бекітілген жобалау шешімдерінен ауытқу деп санауға болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, комитет Алматы облысының әкімдігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылуына жол берген тұлғаларды (мердігер, техникалық және авторлық қадағалау) жауапкершілікке тарту туралы тиісті хат жолдады.

Еске салайық, мұның алдында 22 қыркүйекте Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені құлағаны хабарланған болатын.

Ғимарат 2019 жылы салынып бастаған және 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс болған. Кейінірек құрылыс үшін 1,171 миллиард теңге бөлінгені белгілі болды.