Құны 20 миллион теңге болатын контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

0
524

Акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында көлікке тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген.


Құны 20 миллион теңге болатын контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласына елордадан жеткізілген контрабандалық темекі өнімдерінің қайдан келгені тексеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында көлікке тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген.

"Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды. ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді",- деп жазылған хабарламада.