Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

0
1 774

Биыл мереке күнін қосқанда, тамыз айының он күні – демалыс.


Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

ERNUR.KZ. Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп жазады sputniknews.kz.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет