Құрғақшылық 181 мың гектар жердің астығын жойып жіберді - Әбілхайыр Тамабек

0
839

Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылық пен суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаларға тап болды.


Құрғақшылық 181 мың гектар жердің астығын жойып жіберді - Әбілхайыр Тамабек

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Мәжілісте биылғы құрғақшылық астыққа қалай әсер еткенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Биылғы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылық пен суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаларға тап болды, бұл егістіктердің жай-күйіне әсер етті. Облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша дәнді дақылдар егістерінің 45,1%-ы (7,8 млн.гектар) жақсы жағдайда, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн. гектар) және 7,5%-ы нашар жағдайда (1,3 млн. гектар) болды», - деді Тамабек.

Вице-министр атағандай, 181 мың гектар немесе астық егістерінің 1%-дан кемі жойылды, бұл негізінен Павлодар облысында болған, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық көрсеткіштерден (2,4%) төмен.

«Салыстыру үшін айта кетсем, құрғақ деп саналған 2021 жылы дақылдардың 3,8%-ы жойылған болатын. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24 млн гектарды құрады (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп). Биыл дәнді және бұршақты дақылдарды жинау алаңы 17,3 млн га құрайды. Дәнді және бұршақты дақылдарды жинау уақытында басталғанын, егіннің түрлері жақсы болғанын атап өткім келеді. Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін көрсетті, бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді», - деді Тамабек.