Күшіктерді балтамен шауып тастаған: Өскеменде 56 жастағы ер адам ұсталды

0
614

Оның қатыгез әрекеті ғаламторда жария болып, жұрт жағасын ұстаған.


Күшіктерді балтамен шауып тастаған: Өскеменде 56 жастағы ер адам ұсталды

ERNUR.KZ Өскеменде күшіктерді аяусыз балталаған азамат ұсталды, деп жазады Stan.kz



Оның қатыгез әрекеті ғаламторда жария болып, жұрт жағасын ұстаған. Енді жануарды қорлағаны үшін ол заң алдында жауап беретін болады.

Ол әлі көзін аша қоймаған кішкентай күшіктерді балтамен шауып тастаған. Екінші адам оны жайбарақат ұялы телефонына түсірген. Бұл видео жария болысымен-ақ қаскөй ұсталды. Ол Өскемен қаласының 56 жастағы тұрғыны екен.

"Аталған ер адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Осы факті бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол жасаған әрекеттің мән-жәйі анықталуда”, – дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.