Құтқарушылар жоғалған ер адамды тапты

0
457

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақтөбе облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Құтқарушылар жоғалған ер адамды тапты

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 21 ақпанда сағат 14:36-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің «Октябрь» шаруа қожалығынан 1974 жылы туған азамат мал іздеп шығып, қайтып оралмағандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады baq.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақтөбе облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 22 ақпан күні сағат 01:55-те 49 жастағы ер адам «Октябрь» шаруа қожалығынан 18 шақырым жерден табылып, Абай ауылына жеткізілді.

Медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.