​​​​​​​КВИ ауырған донорға 20 мың теңге төленеді – Жамбыл облысы

0
706

Донорға ақша бірден төленеді. Тіпті қызметтегілерге бір күн демелыс беріліп, сол күнгі жалақысы да сақталады.


​​​​​​​КВИ ауырған донорға 20 мың теңге төленеді – Жамбыл облысы

ERNUR.KZ. Коронавируспен ауырып, жазылып шыққан адам да донор болуға жарайды. Жамбыл облысы ондай қан тапсырған тұрғынға 20 мың теңгеге жуық ақша төлеуге дайын, деп жазады ktk.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, донорға ақша бірден төленеді. Тіпті қызметтегілерге бір күн демелыс беріліп, сол күнгі жалақысы да сақталады.

Сондай-ақ донордың қан орталығына барып- қайтқан жолақысын да төлеп беруге дайын. Бірақ мамандар коронавируспен ауырған адамның толық жазылып шыққанына көз жеткізуі қажет. Ал одан алынған қан инфекциямен ауырып, ауыр хәлде жатқан науқастарға қолданылады.

Бүгінде облыста 1533 адам вирус жұқтырып, оның 529 жазылып шыққан.

"Егер короновируспен ауырып жазылып шыққан болсаныз және одан бері 14 күн өтсе, донор болуға кеңес береміз. Сіздерден біреудің қайғысына араша түсуді сұраймыз", - дейді қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Салтанат Досжанова.