Қылмыскерлер Байқоңыр тұрғынын ұрлап әкетіп, кепіл ақша талап еткен

0
596

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу ісі қолға алынды.


Қылмыскерлер Байқоңыр тұрғынын ұрлап әкетіп, кепіл ақша талап еткен

ERNUR.KZ. Байқоңырда бір топ қылмыскер ер адамды ұрлап әкетіп, кепіл ақша сұраған, деп жазады zakon.kz.

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасының мәліметінше, үш жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

- 4 тамыз күні түстен кейін бір топ қылмыскер Байқоңырдың 6-шы шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде орналасқан пәтерге баса-көктеп кіріп, күштеу заттарын пайдаланып, ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткені анықталды. Жәбірленушіні Янгель көшесіндегі гаражға апарған олар оны ары қарай ұрып-соғып, миллион теңге талап еткен, - деп хабарлады ведомствадағылар.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу ісі қолға алынды.