Қылмыстық топ елуге жуық жүк көлігін Қазақстанға заңсыз кіргізген

0
284

Тиісті материалдар сотқа жолданды.


Қылмыстық топ елуге жуық жүк көлігін Қазақстанға заңсыз кіргізген

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгені анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.