Қымбат жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу практикасын тоқтату керек – Мамин

0
308

Қымбат жобалау-сметалық құжатаманы әзірлеу практикасын тоқтату керек екенін айтып, орынбасары Гүлшара Әбдуқалықоваға осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.


Қымбат жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу практикасын тоқтату керек – Мамин

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп жазады BAQ.KZ.

«Білім және ғылым министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп өңірлерде жатақханаларды қаржыландыруда бекітілген құралдарын түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді, жатақханаларды пайдалануға беруде өңірлер бойынша нақты жоспарлар әзірлеп, орындауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деп айтты Премьер-министр.

Ол әкімдер оқу орындары басшыларымен бірлесіп студенттер жатақханаларын салу жұмысын тездетіп, нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз ету қажет екенін қоса айта кетті. Қымбат жобалау-сметалық құжатаманы әзірлеу практикасын тоқтату керек екенін айтып, орынбасары Гүлшара Әбдуқалықоваға осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова биыл 9 мың орынды жатақхана тапсырылатынын мәлімдеді. Ал Мамин салынып жатқан студенттер жатақханаларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырды. Себебі оның айтуынша осы мақсатта нашар жұмыс жүргізіп отырған өңірлер бар.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет