Қырғызстан Қазақстаннан қаржылай-техникалық көмек сұрады

0
473

Бұл туралы Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қырғызстан Қазақстаннан қаржылай-техникалық көмек сұрады

ERNUR.KZ. Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан қайтарымсыз дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарын сұраған, деп жазады Азаттық.

29 қазанда Руслан Қазақбаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен барып, қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездескен.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және миграциялық салада қырғыз-қазақ ынтымақтастығы сөз болған.


"Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Руслан Қазақбаев қырғыз тарабына қаржылай-техникалық көмек көрсетуді сұрады", - делінген хабарламада.


Бұдан бөлек екі ел арасындағы шекарада жүк өткізу кезінде болатын қиындықтарды жою мәселесі талқыланған. Қырғыз тарабы жүк өткізуде біріңғай алгоритм жасауды ұсынған. Сонымен бірге шекара аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін бірлескен сауда-логистикалық орталық ашу ұсынылған.

Су-энергетикалық мәселелер де сөз болған. Кездесу қорытындысында бауырлас екі елдің қарым-қатынасы одан әрі берік дами беретініне сенім білдірген.