Қырғызстан президенті қазақ ақынына жылқы сыйлады

0
1 987

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлады.


Қырғызстан президенті қазақ ақынына жылқы сыйлады

ERNUR.KZ. Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.