Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

0
2 692

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.


Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

2021 жылғы 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.