Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келді

0
2 365

Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Нұрлан Нығматулин және премьер-министрмен кездеседі деп жоспарланған.


Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға мемлекеттік іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрші мемлекет басшысын ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қарсы алды.

Қырғызстан президентінің сайтында Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесетіні хабарланған.