Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін – министр

0
576

Министр Ақ Олимпиада аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін алға тартты


Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін – министр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады, деп жазады baq.kz.

Тілшілер «Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы отандық спортшыларымыздың өнеріне қатысты пікір білдіруін сұраған болатын.

Ведомство басшысы Ақ Олимпиада аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін алға тартты.

Олимпиада аяқтала салысымен Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Бурабайға барып, ауқымды көшпелі жиналыс өткізетін боламыз. Қысқы Олимпиаданың қорытындысы бойынша белгілі бір кадрлық өзгерістер де орын алады деп ойлаймын, - деді Дәурен Абаев.