Қысқы Олимпиадада ойындарының жабылу рәсімі өтіп жатыр

0
793

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталған болатын.


Қысқы Олимпиадада ойындарының жабылу рәсімі өтіп жатыр

ERNUR.KZ Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі басталды, деп жазады inform.kz

Жабылу салтанаты 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған «Құс ұясы» стадионында өтуде. Салтанатты шараның басты кейіпкерлері спортшылар болмақ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер - жабылу салтанатының бас қаһармандары. Сонда-ақ, Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек.

Айта кетелік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталған болатын. Ойындардың ашылу рәсімі де тура Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды. Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ. Бейжің Олимпиадасындағы ең үздік көрсеткішіміз 4-ші орын. Оған команда сапындағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ие болды.