Қытай азаматынан 300-ге жуық Қазақстан төлқұжаты бланкісі тәркіленді

0
1 181

Қытай азаматы Алматы-Гонконг бағытында ұшпақ болған.


Қытай азаматынан 300-ге жуық Қазақстан төлқұжаты бланкісі тәркіленді

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында шекара қызметкерлері Қытай азаматынан 291 дана Қазақстан төлқұжатының бланкісін тәркіледі, деп жазады тengrinews.kz.

Алматы әуежайының өткізу бекетіндегі рәсімдеу кезінде Алматы-Гонконг бағытындағы ұшаққа мінбек болған Гонконг қаласының екі тұрғынынан Қазақстан Республикасының шетелдік төлқұжат бланкісінің 291 данасы тәркіленген. Оның ішінде 250 - көк түсті қаптамада, 40 - қою қызыл түсті және 1 - қою қызыл түсті қаптамада суреті мен мәліметтері бар дайын түрі.

Сондай-ақ төлқұжаттарды толық дайындауға арналған голографиялық таспа орамасы қоса табылған.

"ҚР ҚПК-нің 185-ші статьясына сүйене отырып материалдар көрсетілген факт бойынша ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментіне жолданды", - деп мәлімдеген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.