​Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмекке дәрігерлер жібереді

0
1 190

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуі туралы уағдаласқан.


​Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмекке дәрігерлер жібереді

Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін дәрігерлер тобын жібереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

"Коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирус жұқтырғандарды емдеуде зор тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер кіретін қытайлық делегацияның міндеті - қазақстандық дәрігерлерге COVID-19 індетімен күресуде кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, соның ішінде COVID-19 алдын алу мен бақылау бойынша қытайлық жүйемен таныстыру, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау жүйелері, емдеудің қолданыстағы клиникалық хаттамаларына ұсыныстар беру", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуі туралы уағдаласқан. Бұл бастаманы қазақстандық тарап осы келісімді жүзеге асыру мақсатында ұсынған.

7 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР Денсаулық сақтау комитеті өкілдерімен және қытайлық дәрігерлермен онлайн-кездесу өтті.

"Осы онлайн-кездесу барысында тараптар келесі мамандықтар бойынша 13 маманнан тұратын Қытай делегациясының бағдарламасын талқылады: Қазақстандағы пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, денсаулық сақтау және т.б.; ынтымақтастықтың басым бағыттары, қазақстандық дәрігерлер үшін COVID-19 бойынша тренингтердің өзекті тақырыптары, логистика мәселелері", - деді министрліктегілер.

Қытайлық дәрігерлердің елге келуі үшін арнайы борт ұйымдастырылады. Олар 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ұшып келеді деп жоспарланып отыр. Делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді.