Қытай Марста түсірілген алғашқы суреттерді жариялады

0
351

Қытай Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін Марсқа зерттеу аппаратын қондырған үшінші ел болды.


Қытай Марста түсірілген алғашқы суреттерді жариялады

ERNUR.KZ. Қытайлық Zhurong құрылғысының Марста түсірген суреттері жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Суреттерді Марстағы "Чжучжун" роверінің борт камералары түсірген. Суреттердің бірінде қону модулі мен "Чжуронг" роверінің ашылғаны көрсетілген.

Осылайша Қытай Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін Марсқа зерттеу аппаратын қондырған үшінші ел болды.


"Чжучжун" құрылғысының салмағы 240 келі. Ол бірнеше навигация және шолу камерасы, сондай-ақ бес ғылыми құралмен жабдықталған. Олардың көмегімен аппарат Қызыл планетаны, топырағын және метеорологиялық жағдайларын зерттейді. Ровер планетада кем дегенде 3 ай болады.


Орбиталық модуль, қону капсуласы және роверден тұратын Tianwen-1 Марсты зерттеуге арналған алғашқы Қытай ғарыш кемесі. Ол 2020 жылдың 23 шілдесінде Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылған.

Бұған дейін Қытай ровері Марс бетіне сәтті қонған болатын.