Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара уақытша жабылады

0
1 030

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.


Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара уақытша жабылады

ERNUR.KZ. Мемлкеттік кірістер комитеті 1-3 қазан аралығынеда Қытай мемлекетімен арадағы шекара жабық болатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", - делінген ақпаратта.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Ведомство, тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті.