Қытай мен Қазақстан шекарасында өнеркәсіптік қала салынып жатыр

0
1 024

Арнайы экономикалық аумақта әкімшілік ғимараттар мен қонақ үйлер салынбақ.


Қытай мен Қазақстан шекарасында өнеркәсіптік қала салынып жатыр

ERNUR.KZ. Қытай-Қазақстан шекарасындағы "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аумағында халықаралық индустриялық қала құрылысы басталды, деп жазады stan.kz.

"Қытай-Қазақстан халықаралық индустриалды қала" ЖШС 200 гектар аумақта бірінші кезеңде инженерлік желілер мен магистральдық көшенің құрылысын қараша айынан бастады. Арнайы экономикалық аумақта әкімшілік ғимараттар мен қонақ үйлер салынбақ.

Жобаның мақсаты – индустриялық парк құрып, өндірісті ұйымдастыру және "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА логистикалық қызметтерін дамыту. Сондай-ақ, ҚХР-дың "Бір белдеу, бір жол" стратегиясы мен мемлекеттік "Нұрлы Жолды"бағдарламасы аясында экономиканы біріктіру бойынша ынтымақтастық жоспарды орындау. Екі ел арасындағы "Жібек жолының экономикалық белдеуі" құрылысын қалыптастыру.

Жобаның жалпы құны 330 млрд теңгені құрайды. Ал жобаның жалпы аумағы 1000 гектар. Одан бөлек, жақын елді мекендердің тұрғындары үшін 2000-нан астам жұмыс орны ашылады.