Қытайдан тағы 150 отандасымыз елге оралады

0
99

Осы рейстен кейін Қытайда өз еркімен 343 қазақстандық қалады.


Қытайдан тағы 150 отандасымыз елге оралады

ERNUR.KZ. Қытайдан тағы 155 Қазақстан азаматы елге оралады. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп жазады baq.kz.

Осының алдында 10 ақпанда 217 азамат елге жеткізілген болатын. Бүгін кешке Қытайға тағы бір ұшағымыз ұшады. Сосын таңертең 155 отандасымызды Алматыға жеткізеді. Елордада карантинге әзірленген госпитальдар толып қалды. Сол себепті келесі ұшақ Алматыға қонады. Алматыда қазақстандықтарды қабылдайтын мекеме дайындалған, - дейді Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, осы рейстен кейін Қытайда өз еркімен қалған 343 қазақстандық қалады.
Олар негізінен, біздің дипломатиялық мекемелерде істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері, студенттер, өз шаруаларымен жүрген қазақстандықтар. Барлығымен елшілік тығыз байланыста. Әзірге олар қайтуға ниет білдірген жоқ, - деді министр.
Ведомство басшысыныі айтуынша, Қазақстанның Қытайдағы барлық дипломатиялық мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тек консулдық бөлімдердің жұмысы шектелген.


Сондай-ақ министр кешке Қытайға жіберілетін ұшақта 220 орын бар екенін айтты.

Қытайдан қазақстандықтарды чартерлік ұшақпен тасымалдаймыз. Оларды тегін жеткіземіз. Жалпы, "Эйр Астана" ұшағы 220 орынға есептелген. Бірақ бұл жолы елге оралатындар саны 155 адам.Сол себепті елге қайтам деген басқа азаматтарға да орын бар, - дейді Мұхтар Тілеуберді.
Айта кетейік, 12 ақпандағы мәлімет бойынша, Қытайдан коронавирустан 1 113 адам көз жұмған. Ал осы вирусты жұқтырғандар саны 44,6 мың адамға жеткен, әзірге 4 740- і ғана емделіп шыққан.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет