Қытайлық оқытушы Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты

0
860

Видео 1983 жылы Бейжіңде түсірілген.


Қытайлық оқытушы Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты

Қытайлық ұстазы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай студент болғанын айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті", - делінген жазбада.

Сирек фотосуреттер келтірілген роликте Тоқаевтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өтіп жүрген кезі бейнеленген.

Лю Шицинь Тоқаев оқыған топта жаңалықтарды тыңдау курсынан сабақ берген.

"Көпшіл, белсенді, ол аз уақытта үздік оқушылардың бірі болды. Ол газет оқуды жақсы көретін және өз көзқарасын ашық білдіретін. Білімді, оқыған-тоқығаны көп, өнегелі. Осы қасиеттер оған қазіргі жоғары жетістіктерге жетуге көмектесті", - деп еске алады қытайлық оқытушы.