Қытаймен шекарада автомобиль өткізу бекеттері жабылады

0
331

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндердің барлығынан белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.


Қытаймен шекарада автомобиль өткізу бекеттері  жабылады

ERNUR.KZ. Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері 6 шілдеде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті, деп жазады tengrinews.kz.

"2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан астанасы күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндердің барлығынан белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.