Қыз жоқ! Полицейлер Сейфуллиндегі жезөкшелермен қалай күрескенін айтты

0
821

Қазір Сейулиин көшесінде бірен-саран "жеңіл жүрісті" қыздар ғана кездесуі мүмкін.


Қыз жоқ! Полицейлер Сейфуллиндегі жезөкшелермен қалай күрескенін айтты

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері Сейфуллин көшесін жағалайтын жезөкшелерге қарсы күресінің аралық нәтижесін қорытындылады, деп жазады Zakon.kz.

Түркісіб аудандық полиция басқармасының дерегінше, Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелер қаптап жүрген жерлерде қазір жағдай тұрақталды. Күн сайынғы рейдтер нәтижесін беріпті.

- Қала әкімі мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Сейфуллин көшесінде тәртіп орнату жұмыстары әлі де жалғаса бермек. Нарядтар мен жаяу патрульдер тәулік бойы, екі ауысыммен қызмет етуде, - деді Түркісіб аудандық полиция басқармасының бастығы, полковник Еркін Амантаев.

1 шілдеден бері притон ұстаған 29 адам жауапқа тартылып, көшеде жезөкшелерді "жарнамалаған" – 289 адам ұсталды.

Аудандық полиция басқармасы атап өткендей, қазір Сейулиин көшесінде бірен-саран жезөкше ғана кездесуі мүмкін. Кезекші бөлімдер күніне орта есеппен 5-6 жезөкшені бөлімшеге әкеліп отыр.