"Қызды" шашынан сүйреп, көлікке отырғызған 2 полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалды

0
728

Куәгерлердің айтуынша, полицейлер көлікте қыз баланы ұрып-соққан.


ERNUR.KZ. Желіде екі ер адамның қызды шашынан сүйреп тұрып көлікке кіргізгені түсірілген видео тарап жатыр, деп жазады sn.kz.

Куәгерлердің айтуынша, полицейлер көлікте қыз баланы ұрып-соққан. Кейінірек ұзын шашты адамның ұл екені анықталды.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі "Наш Костанай" парақшасында жарияланды.

Қостанай облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, полицейлердің айтуынша, кеше, сағат 16.00-де Абай-Быковский көшелерінің қилысында жанармай құю бекетінде қыз баланың терезені сындырып, асфальт төсеп жатқан жұмысшыларға шабуыл жасап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қызды ұстамақ болған кезде ол күзетшілерге шабуылдаған, біреудің бетін тырнап, екіншісінің құлағын жұлып кеткен. Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оның 1988 жылғы екені анықталды, Нұр-Сұлтаннан келген болып шықты.