"Қызметкерді қағып кетті": Маңғыстауда жүргізуші көлік жуу орнына соқтығысқан

0
1 330

Куәгерлердің айтуынша, Kia жүргізушісі көлік жуатын орынған қатты жылдамдықпен кірген.


ERNUR.KZ. Маңғыстауда жүргізуші көлік жуу орнына соқтығысқан, деп жазады Tengrinews.kz

Оқиға 22 наурызда Ақтаудағы көлік жуу орындарының бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia жүргізушісі көлік жуатын орынған қатты жылдамдықпен кірген. Оқиға салдарынан көлік жуатын қызметкер зардап шеккен.

"Kia жүргізушісі көлік жуу орнына жылдамдықпен кірген. Осылайша, іштегі көлікпен соқтығысқан. Дәл сол кезде әйел көлік жуып жатқан. Нәтижесінде инерциямен көлік қызметкерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді", - деді куәгерлер.
Журналистердің мәліметінше, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын кейінірек айтуға уәде берген.