Қызметкеріне үй салып берген кәсіпкердің шығыны жартылай өтеледі

0
2 407

Үйдің құны 10 миллион теңгеден, көлемі 100 шаршы метрден асуы керек.


Қызметкеріне үй салып берген кәсіпкердің шығыны жартылай өтеледі

ERNUR.KZ. Қарамағындағы қызметкерге үй салып берген кәсіпкердің шығыны субсидияланады, деп жазады 24.kz.

Елдің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына осындай жаңашылдық енгізбек. Жоба ауылдық жерге арналған.

Мәселен, жұмыс беруші өз қызметкеріне ауылдан баспана салып берсе, кеткен шығынның 50 процентін мемлекет өтейді. Үйдің құны 10 миллион теңгеден, көлемі 100 шаршы метрден асуы керек.

Жеңілдікті алу үшін жұмыс беруші жер телімі мен үйдің жобасын дайындап, жергілікті атқарушы органдардың келісімін алуы тиіс. Үй пайдалануға берілген кезде кеткен шығынның жартысы жұмыс берушіге төленеді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет