Қызметтегі полиция қызметкері коронавирус жұқтырған

0
531

Науқастармен байланыста болған Ішкі істер министрлігінің 530-дан астам адамы анықталды.


Қызметтегі полиция қызметкері коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде коронавирус жұқтырды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері арасында жаңа вирусты жұқтырудың бір расталған жағдайы бар. Сондай-ақ, одан бөлек науқастармен байланыста болған Ішкі істер министрлігінің 530-дан астам адамы анықталды.

Бұл тек осы адамнан байланыста болғандар емес. Оның ішінде кәсіби қызмет барысында жұқтырып, отбасыларына тасымалдағандары да бар. Олардың кейбіреулері, шамамен 30 адам ауруханаға, 80-ге жуығы үй карантиніне оқшауланды. Олардың көпшілігі қазір қайта жұмысына шығып, қызметін жалғастыруда. Ешқандай ауыр зардап шеккендер жоқ, - деді Ильин.

Оның айтуынша, ІІМ-нің 52 мың қызметкері пандемия жағдайында алдыңғы қатарда қызмет етуде. Оларға бір жалақы түрінде сыйақы төленеді, жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден асады.