Қызылорда облысы тұрғындарынан "түтін салығы жиналып жатыр"

0
1 445

Тұрғындар 2500 теңге беріп, қолдарына түбіртек алған.


Қызылорда облысы тұрғындарынан

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қызылорда облысындағы жеке үй тұрғындары "түтін үшін салық" төлейтіндерін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қызылорда облысы Талдыарал ауыл округі тұрғындарының айтуынша, оларға үйден шығатын түтін үшін салық төлеуді сұрап, адамдар келген. Тұрғындар 2500 теңге беріп, қолдарына түбіртек алған. Енді олар бұлай ақша жинау қаншалықты заңды екеніне қызығушылық танытып отыр.

"Жеке үй тұрғындарынан түтінге ақша жинау қаншалықты заңды?" - деп жазды Instagram-дағы Kritika_kyzylorda_ және Facebook-тегі "Қызылорда"-парақшаларына тұрғындар.


Қала тұрғындары мұндай салықтың барына таңғалды.

"Мұндай салық туралы бірінші рет естіп тұрмын! Енді ауа үшін ақы алатын шығар! Бұлар алаяқтар шығар! Олар көпқабатты үйлерді де тексереді, бұл шынымен заңсыз ба?" – деп қызылордалықтар пікір қалдырады.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұл жалған ақпарат екенін айтады.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалардан "түтін үшін алым" өндіріп алу қарастырылмаған. Осыған сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге талаптар қоймайды. Жеке тұлғалар бюджетке мүлік және көлік салығын төлейді. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат жалған", - делінген министрліктің ресми жауабында.