Қызылорда облысында 13 мыңға жуық азамат Ресей тарапынан екпе алған

0
583

Бұл мәлімет осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының екпе алған азаматтарының базасына енгізіліпті.


ERNUR.KZ. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады baq.kz.

Олардың айтуынша, облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Вакцинациялау жұмыстары облыс бойынша 106 егу кабинетінде жүргізіліп жатқан көрінеді.

"Екпе алуға қабілетті 18 жастан асқан 401 мың тұрғын екпенің І компонентімен қамтылды. Бұл вакцина алуға қабілетті халықтың 72,7%-ына тең. ІІ компонент вакцинациялау кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр, халықтың 60,7%-ы, яғни 243 425 адам қамтылды", - деп атап өтті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов.
Облыс тұрғындарына індетке қарсы екпе салу 106 егу кабинетінде жасалады. Оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылыпты. Атап өтетін жайт, күн сайын 1800-2000 адам вакцина салдырады. Оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша 12 232 еліміздің азаматтары Ресей Федерациясы тарапынан екпе алған. Бұл мәлімет ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының екпе алған азаматтарының базасына енгізіліпті.