Қызылорда облысында электр энериясына шектеу қойылды

0
711

Облыста соңғы күндерде электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеу қойылуда.


Қызылорда облысында электр энериясына шектеу қойылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында электр энегриясына шектеу қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыста соңғы күндерде электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеу қойылуда. Негізгі себебі - электр энергиясының тапшылығы. Осы себепті өңірдегі бірнеше елді мекенде 17:30-дан 20:30-ға дейін электр энергиясы уақытша шектеледі.

«Облыстың жалпы электр энергиясын тұтыну көлемі шамамен 172 МВ құрайды. Оның 29 пайызын «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі қамтыса, 6 пайызын «СКЗ-U» ЖШС-де өндіріледі. Қалған 65 пайызы сырттан алынады. Электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Самұрык-Энерго» акционерлік қоғамына қарасты Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Мойнақ ГЭС электр станцияларының электр энергиясын өндіру көлемінің шамадан тыс жүктелуіне байланысты шектеулер қойылды», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев.

Шектеудің негізгі себебі – еліміз бойынша электр қуаты жетіспеуде. Өйткені, Мойнақ су электр станциясында ақаулар пайда болған.

"Бұл уақытша екенін айтқым келеді. Қазір оңтүстік өңірлер бойынша орта есеппен 200 МВ шамасында жетіспейді. Шектеулер Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша бірқатар елді мекендерде жүргізілуде", - деді «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев.

Еске салсақ, бұдан бұрын Шиелі ауданында электр іркілісі орын алғанын хабарлаған едік.