Қызылорда облысында қонақүй иесін өлтіріп қашып кеткен күдікті қолға түсті

0
388

Одан заттай айғақтар тәркіленді.


Қызылорда облысында қонақүй иесін өлтіріп қашып кеткен күдікті қолға түсті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде учаскелік полиция инспекторлары қонақүй иесін өлтіру дерегін ашты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

29 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөліміне ауылдағы қонақүйлердің бірінен дене жарақаты салынған әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Кісі өлтірді деген күдікпен облыстың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптамалар тағайындады