Қызылорда облысында күре жолдың бойынан жаңа туған нәресте табылды

0
818

Құқық қорғаушыларға нәрестенің анасының өзі қоңырау шалған.


Қызылорда облысында күре жолдың бойынан жаңа туған нәресте табылды

ERNUR.KZ. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық автодәлізінің Қызылорда облысы тұсында жаңа туған шақалақ табылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тексере келе, құқық қорғаушыларға нәрестенің анасының өзі қоңырау шалғаны анықталды. Алғашында ол баладан бас тартпақ болғанымен, кейін ойынан айныған.

«ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда кент тұрғыны босанған қызы екеуі Қазалы аудандық перзентханасында ем қабылдауда. Қылмыстық іс тоқтату сатысында», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Қостанайда да көшеден пакетке салынған шақалақтың денесі табылғанын жазғанбыз. Оны 37 жастағы қала тұрғыны байқаған. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.