Қызылорда облысында сабын шығаратын цех ашылды

0
745

Салмағы – 200 грамм, майлылығы 65% сабынның әр данасын кәсіпкер 120 теңгеден сатып жатыр.


Қызылорда облысында сабын шығаратын цех ашылды

фото: кадрдан

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында тәулігіне 2 жарым мың дана сабын шығаратын цех ашылды, деп жазады 24.kz.

Салмағы – 200 грамм, майлылығы 65% сабынның әр данасын кәсіпкер 120 теңгеден сатып жатыр. Әзірге Қазалы ауданы мен Байқоңыр қаласынан сұраныс жоғары екен.

Шағын цех жұмысын ширатуды көздейтін қазалылық кәсіпкер алдағы уақытта сапасы мұнан да жоғары сабын түрлерін дайындауды қолға алмақ. Өнім көлемін көбейте отырып, нарық ауқымын да кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар дәретхана қағазы мен басқа да гигиеналық өнімдер өндіруді жоспарлап отыр екен.

Әзірге үш адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Цехқа қажетті құрал-жабдықтарды Ресейден сатып алған.