​Қызылорда облысында студенттерге жарты жыл стипендия берілмеген

0
1 092

Прокуратура қазіргі уақытта қарыздың толық көлемде өтелгенін хабарлады.


​Қызылорда облысында студенттерге жарты жыл стипендия берілмеген

сурет:reactor.inform.kz

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының прокуратурасы араласқаннан кейін студенттерге шамамен төрт жарым миллион теңге (12 мың доллар) төленді, деп жазады sputniknews.kz.

Өңір прокуратурасы Жалағаш ауданының индустриялық-аграрлық колледжінде тексеріс жүргізді. Студенттердің жеке санатының меншік құқығы бұзылғаны анықталды. Жыл басынан маусым айына дейін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 80 студентке тиісті стипендия төленбеген.

Прокуратура қазіргі уақытта қарыздың толық көлемде өтелгенін хабарлады. Ұйымның екі жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын Атырау облысында жүзден аса студент жоғары оқу орындарында көптеген заң бұзушылық болуына байланысты екі жыл бойы көбейген стипендияны алмағаны хабарланған еді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар студенттердің әлеуметтік кепілдіктері бұзылды.