Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды

0
404

5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.


Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жол апатынан бес адам мерт болды. Жол апатына қатысты тергеу басталды, деп жазады tengrinews.kz.

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.