Қызылорда облысында жеті жастағы қыз жоғалып кетті

0
602

Ол 6 тамызда үйден шығып, қайта оралмаған.


Қызылорда облысында жеті жастағы қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Қармақшы аудандық полиция бөлімініне 2016 жылы дүниеге келген Жібек Дәуренбекқызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ол 6 тамызда сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылды.
"Жібек Тұрмағанбет ауылының №29 мектептің 2 сыныбында оқиды. Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген. Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз", - деп мәлім етті Қармақшы аудандық полиция бөлімінен.