Қызылорда облысындағы кен орнында өрттен үш адам қаза тапты

0
812

Ең жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі 160 шақырым қашықтықта орналасқан.


Қызылорда облысындағы кен орнында өрттен үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында контейнер типті жатақхана өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп жазады 24.kz.

Оқыс оқиға «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының бойындағы «Бектас-Қоныс» кен орнында болған. Бұл жерде жалпы аумағы 2 мың 500 шаршы метрді қамтитын 100 контейнер бар.

Оның 48-і отқа оранды. Қызыл жалын 1450 шаршы метрді шарпып үлгерді. Аталған аумақтан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985 және 1970 жылы туған жұмысшылар. Контейнерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі қауіпсіз жерге шығарылды.

Айта кету керек, жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі 160 шақырым қашықтықта орналасқан.