Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі сотқа жіберілді

0
151

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпарат туралы хабарлаған жоқ.


Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі сотқа жіберілді

ERNUR.KZ. Онлайн брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының бұрынғы басшысы Қуанышбек Ысқақовтың ісі сотқа өткізілетінін мәлімдеді. Бұған дейін оған қарсы тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген, деп жазады kaz.nur.kz.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаров бұрынғы әкім мен әкімдіктің басқа да қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталғанын, қылмыстық іс Қызылорда облысының сотына жіберілгенін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпарат туралы хабарлаған жоқ.

Еске сала кетейік, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып, жемқорлықпен күресушілер әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ өңір басшысына туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын жазды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет