Қызылорда перзентханасындағы төбелес: бұзақылар ұсталды (видео)

0
1 129

Оқиға 22 тамызда "Ана мен бала" орталығында болған.


Қызылорда перзентханасындағы төбелес: бұзақылар ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Қызылорда полицейлері перзентхананың күзетшісін соққыға жыққан екі ер адамды ұстады, деп жазады Тengrinews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, оқиға 22 тамызда "Ана мен бала" орталығында болған.

"Жедел іс-шаралар барысында Байқоңыр қаласының 32 жастағы тұрғыны таныстарымен бірге медбике мен күзетшінің қабылдау уақыты аяқталды дегеніне дөрекі жауап қайтарып, күзетшіні соққыға жыққаны анықталды", - деп хабарлады Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазір бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті адамдар ұсталды, сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Желіде видео пайда болған, онда ер адам перзентханаға келуші мен күзетшіні ажыратып жатыр.