Қызылордада 11 мұғалімнен жыныстық ауру табылды

0
3 264

Дертке көбіне әйелдер шалдығатыны белгілі болды


Қызылордада 11 мұғалімнен жыныстық ауру табылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қызылордада жыныстық ауруға шалдыққан мұғалімдер саны артуда. Өткен жылы мерез ауруы алты ұстаздан табылса, биыл бұл дертке 11 мұғалім шалдыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Жыныстық жолмен жұғатын мерез ауруы ұстаздар арасында тарап жатқанына дәрігерлер дабыл қағуда.

"Биыл қауіпті дерт 127 адамнан табылды. Олардың 87-сі - жұмыссыз отырған тұрғындар. Мерезге көбіне әйелдер шалдығады. Дерт жоспарлы медициналық тексеріс кезінде анықталып жатады", - дейді дерматовенеролог Ғабит Қыздарбеков.

Дәрігерлер мерезді емдеуге болатынын алға тартты. Науқас неғұрлым ерте дәрігерге қаралса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл болмақ.