​Қызылордада 54 мектепте жағдайы төмен отбасы балаларына ыстық тамақ берілмей келген

0
2 888

Прокуратура ұсынысының нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылып, Қызылорда қалалық әкімдігі білім бөлімінің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


​Қызылордада 54 мектепте жағдайы төмен отбасы балаларына ыстық тамақ берілмей келген

ERNUR.KZ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған 3,6 мың баланың әлеуметтік көмек алу құқығы бұзылғанын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Анықталғаны - көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету құқығы Үкімет қаулысымен кепілдендірілгеніне қарамастан, Қызылорданың 54 мектебінде балаларға ыстық тамақ берілмей келген.

Прокуратура ұсынысының нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылып, Қызылорда қалалық әкімдігі білім бөлімінің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.